Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кеңселік жылжымайтын мүлік нарығына шолу

2019-07-01

Астананың кеңселік қоры қазіргі уақытта 1000 адамға А және Б (1-сурет) класты сапалы кеңселік жылжымайтын мүлік 8012 м2 құрайды.  2019 жылы кеңселік үй-жайлармен қамтамасыз ету индексі 1000 адамға 944 м2 дейін артады, ал А класты кеңселер Астанадағы кеңселік жылжымайтын мүлік жалпы қорының үштен бір үлесіне ие болады деп күтілуде. Салыстыру үшін, РФ негізгі іскерлік белсенділері шоғырланған, Мәскеу қаласында, әрбір 1000 адамға шамамен 1400 м2 келеді, ал шығыс Еуропаның Варшава және Прага қалаларында 2000 м2 аса  (2-сурет).

1-сурет.  Астана қаласындағы кеңселік жылжымайтын мүлік нарығының 2015-2019 жылдардағы  динамикасы

“AbuDhabiPlaza”, “Aura 2” және “Лазурный” бизнес-орталықтары іске қосылғаннан кейін 2019 жылы кеңселік нарық 140 мың шаршы м2 артады деп күтілуде. Жоғарыда аталған бизнес-орталықтар А, Б+ класына жататындығын атап өту қажет. Осы үші бизнес-орталық нарыққа қосылғаннан кейін А класты бизнес-орталықтардың үлесі Астана қаласында 20%-дан 32%-ға дейін артады.

2-сурет. Әлем қалаларында әрбір 1000 адамға сапалы кеңселік алаңдармен қамтамасыз етілуі

 

Астана қаласының кеңселік нарығы жақын 5 жылда А және Б класты кеңселік алаңдардың 400 000 м2 өзіне ала алатын мүмкіндігі бар деп болжап отырмыз. Екінші жағынан алғанда, Алматы қаласының кеңселік нарығы Астана қаласының нарығымен салыстырғанда бұрыннан келе жатқандығына қарамастан алматы нарығы келесі 5 жылда тағы да 250 000 м2 өзіне ала алады деп күтудеміз.

3-сурет.  Алматы қаласындағы кеңселік жылжымайтын мүлік нарығының 2015-2019 жылдардағы  динамикасы

Шымкент – 2018 жылы республикалық маңызы бар қала деп жарияланғаннан бері тағы да бір тартымды локация болып табылады. Шымкент қаласында кеңселік нарық даму үстінде екендігін атап өткен жөн. Шымкент қаласындағы кеңселік нарықта ұсынылып отырған көрсетілетін қызметтер сапасы мен спектрі жаңарту мен жақсартуды талап етеді. Жалпы алғанда, инвестицияның ағыны, экономикалық белсенді кәсіпорындар санының артуы, сондай-ақ қаланың ІЖӨ өсуі оны кеңселік жылжымайтын мүлікті дамуы үшін тартымды өңір етіп отыр.

Қазіргі таңда Шымкенттің кеңселік нарығы негізінен С класты кеңселерден тұрады, жалпы көлемі 33 400 м2. 20 бизнес-орталықтың тек бірнешеуі ғана Б және Б+ класына жатады. Бұл кеңселік жылжымайтын мүлік нарығының және оныі әлеуетінің өсуінің бастапқы кезеңін көрсетеді.