Компания туралы

Біз туралы

BI Property компаниясы астаналық девелопер нарығы көшбасшыларының бірі. Алғашқы жұмыс жылынан бастап компания үшін басым бағыты жобаларды кешенді дамыту болды, бұл жұмыстардың толық циклін білдіреді —жер учаскесін бастапқы талдау және нарықтың маркетингтік зерттеулерін салынған нысанды пайдалануға және ғимаратты басқаруға дейін. BI Property жобалық портфелінде жалпы алаңы 225 мың шаршы метрден астам 16 нысан бар

Өзінің көпжылдық тәжірибесі ішінде BI Property компаниясы заманауи Астананың қала құрылысы келбетін қалыптастыруда елеулі үлес қосты.
Жұмыс жылдары компания жылжымайтын мүлік нарықтың – қонақ үй, кеңсе және сауданың артып келе жатқан секторларында активтердің қомақты әр тараптандырылған портфелін қалыптастырды.

Компания facility, property, building мен asset management саласында сапалы қызмет ұсынады және тиімді қызмет көрсетуге, коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандары және оларды пайдалану мерзімін көбейтуге бағытталған қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ жалға алушыларды таңдау бойынша және қаржылық, заңгерлік және техникалық құжаттама жүргізуге қажетті қызмет көрсетеді.

Қонақ үй сегменті жобаларын басқаруға BI Property танымал халықаралық брендтерді тартады – осындай стратегия жүктемені және қонақ үйлер табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстарды орындау сапасы, инженерия және сәулет өнерінде инновацияларды қолдану, сондай-ақ тәжірибелі және сенімді құрылыс салушының тұрақты беделі BI Property астаналық коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында көшбасшы орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің бағыттар

Жобалау және бизнес
орталықтарын, коворкингтерді және смарт кеңселерді басқару

Жобалау және қонақ үйлерді,
мейрамханалар, балабақшаларды басқару

Біздің басымдықтар

  • 225 000 Ш.М.
    басқарумен

  • 16 жоба

  • Ғимаратты техникалық
    басқару

  • Құрылыс

  • Мердігерлермен
    жұмыс

  • Қауіпсіздікті
    қамтамасыз ету

Жобалар картасы

BI Property бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отыра, бизнес – орталықтардың құрылысы үшін үздік локацияны таңдайды. Жұмыс істейтін коммерциялық жылжымайтын мүлік Астананың іскерлік картасының орталығында орналасқан және жалға алушыларды барлық қажетті қолайлылықпен қамтамасыз етеді. Сіз біздің перспективалы жобаларымыз арқылы өз компанияңыз үшін жаңа мүмкіндіктерді аша аласыз.

Перспективалы жобалар

Атқарымдық жобалар